2019-2020 оқу жылында тамақтандыруды ұйымдастыру сапасына жүргізілген мониторинг қорытындысы туралы
«№10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін орта мектебінде» тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысын басшылыққа ала отырып, жалпыға бірдей міндетті оқу қорының есебінен жекелеген әлеуметтік мәртебесіне байланысты аз қамтамасыз етілген және күнкөрісі төмен отбасынан шыққан балалар, әлеумтеттік атаулы көмек алатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр.
Мектеп бойынша барлығы 296 оқушы. Бастауыш сыныпта 137 оқушы тегін ыстық тамақпен толық қамтылған. Оның ішінде осал топқа жататын 21 оқушы. Жоғарғы 5-11 сыныптар аралығында 48 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде аз қамтылған отбасы балалары-12, жартылай жетім-12, көп балалы-22, қамқоршылықтағы балалар-2.
Мектепте ҚР Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мектеп оқушыларының бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру теңгерімді құнарлы тамақтануды насихаттау арқылы қалыптастыру жұмыстары және тамақтану қауіпсіздігі мен сапасын арттыру жөнінде жұмыстар атқарылуда.
Жалпыға бірдей ІІ апталық ас мәзірі жасақталып, 5 күндік ас мәзірі бекітілген. Тамақ өнімдерінің сапасын қадағалап, күнделікті тағамдарды дайындау технологиясына бақылау жүргізіліп отыру, санитарлық талаптар мен Бракираждық журналдар мен күнделікті тоңазытқыштағы өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдерін қадағалап, дайын өнімінің тәулікті сынамасының алынуы медбике қадағалауына алынған. Оқушылардың күнделікті, уақытылы тамақтануы мен қауіпсіздігі сынып жетекшілер мен әлеуметтік педагог қадағалауында. Ай сайын ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың табельдері есеп бөліміне тапсырлып отырады. Тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізілу барысында балаларға берілетін тағамның өлшемі де берілген талапқа сай келеді.
Ақпан 2020 жыл











