№10 мектепте 15 мамыр күні «Білімді ұлт-сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп мұғалімдері, ата-аналар комитетінің төрайымы Шалабаева Г, ата-аналар, ауылдық әкімшіліктен бас маман Б.Сұлтанбек, Ақкиізтоғай ауылының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Жиенғалиев Н.А., ауылдық емхана медбикелері  «Ақбөбек» балабақша ұжымы А.Нәрікова ұжым мүшелерімен қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:


1. Мектеп жетістіктері,ҰБТ және аралық аттетаттау.


2. Атырау облысы мектептері білім алушыларының бірыңғай мектеп формасының үлгісін ұсынып,ата-аналарға таныстырылды.


3. Оқыс оқиғалардың алдын алу ,жазғы маусымға байланысты өзен-көлдерге шомылу кезіндегі қауіпсіздігінің алдын алу бойынша ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіліп  қол қойдырып ІІБ келген хатқа жалғанды.Суицидтің алдын алу мақсатында Балаларымызды қорғайық тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, мектеп психологы баяндама оқыды.


Ата-аналар мектеп формасына келісім беріп жаңа оқу жылына  бірыңғай мектеп формасын алуға келісті.