1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген іс-шаралар .
№ 10 мектепте 1желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға байланысты іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарға сай жұмыстар атқарылды.
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Өнерімді еліме арнаймын» оқушылар арасында өткен аудандық көркемөнерпаздар байқауына мектебіміздің 6-сынып оқушылары Нұржанұлы М , Мәтжан А, Нұрланқызы А. жүлделі 1 орын иеленіп,облысқа жолдама алды.
Қазақ тілі пәні мұғалімі А.Нұрмұқашеваның ұйымдастыруымен «Менің Президентім» тақырыбында эсселер байқауы өткізілді. 6-сынып оқушысы Медетқызы Жансаяның «Менің Президентім» атты эссе жұмысы ауданнан жүлделі 3-орын иеленді.
Мектеп кітапханашысы С.Қалиева «Елін сүйген Елбасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 29 қараша күні №13 Ақкиізтоғай ауылдық кітапханасында 10-11 сынып оқушыларымен бірлескен «Мемлекеттің қалыптасу тарихы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
19-29 қараша аралығында барлық 1-11сыныптарда «Менің Тұңғыш Президентім», «Елін сүйген , Елі сүйген - Елбасы» атты сынып сағаттары өткізіліп,Музыка пәні мұғалімі Нұржанова С. Мектептің домбыра,қобыз үйірмесіне қатысатын оқушылардың қатысуымен «Елім деп соққан жүрегі» атты концерттік бағдарламасын өткізді.
Президент күніне арналған іс-шара 5-сынып жетекшісі К.Сисенованың «Тұлға. Тарих. Елбасы » атты ашық шарасымен қорытындыланды.























