Жылыой ауданы білім бөлімі Атырау облысы білім беру басқармасының  2019 жылғы 03 қаңтардағы №15-4-10/1 санды хатына сәйкес №10 мектепте аудандық емхананың  дәрігер гинекологы Н. Нұрбайқызы мен аудандық  емхана  психологы А .Қалабайқызы жасөспірім қыздар жүктілігінің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, психологиялық тренинг өткізді.