№10 мектепте 2017-2018 оқу жылында Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу мақсатында «Нұр жауғызған Әз Наурыз» атты шара болып өтті.Шараның мақсаты жас ұрпаққа қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді жаңғырту. Шараға мектеп оқушылары ұстаздар барлық мектеп ұжымы түгелдей атсалысып өте жоғары деңгейде өтті. Шара кезінде қазақтың салт-дәстүрлері дәріптеліп ,көріністер қойылды. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін қыз ұзату, шілдехана бесік той,ит қуу,сәбиді қырқынан шығарып қарын шашын алу, тұсаукесер, арқан тарту, гір көтеру сияқты салт-дәстүрлер көрсетіліп спорттық ойындар ойналды. Шара өте жоғары деңгейде өтті.

Бесік тойдан көрініс.

Баланы қырқынан шығарып, қарын шашын алу дәстүрінен көрініс.

Тұсау кесу салтынан көрініс.

Қыз ұзату, сыңсу айтудан көрініс.

Оқушылар гір тасын көтеруде.











