1 наурыз - Алғыс айту күніне орай 10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде "Алғысым шексіз, рахмет сізге, Анашым" атты мерекелік шара болып өтті. Айтулы шараның мақсаты - өскелең ұрпаққа бұл күннің мəн-маңызын түсіндіру, адамдар арасындағы қарым-қатынасты ізгілікке, сыйластыққа құруды үйрету.
Ауыл тұрғындары арасынан шақырылған аналар мектеп оқушыларының риясыз көңілінен шыққан жыр шумақтарына марқайып, əуелеген əнмен əсерленді, күмбірлеген күймен көңілдерін серпілтіп, бүлдіршіндердің мың бұралған биін тамашалады. Аналар атынан сөз алған А. Отарова, Н. Қайырбаева, Ш. Сарманова, Р. Мұхамбетқалиевалар бүгінгі шараның рухани тұрғыдан құндылығына тоқталып, бір-біріне құрмет пен сыйластық көрсетудің маңызын ерекше айтып өтті.
Шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған мектеп директоры Ш. Кобанова, көркемдік жетекші С. Нұржанова, қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Н. Тілеуов, кітапханашы С. Қалиевалар атына зор алғыс сезімдерін білдірді, жас өнерпаздарға аналық ақ батасын берді. Ауыл азаматы, аудандық мəслихаттың депутаты Майлыбаев Талғат Қабдешұлының көп балалы жанұялар арналған қаржылай сыйлығын мектеп директоры қошеметпен табыс етті.
https://10mektep-zhylyoi.edu.kz/kz/zhanaly-tar/141-9888456.html#sigFreeIdd7f57941ca











