«Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» атты 9-18 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған онкүндік акциясының қорытындысы туралы
Хабарлама
Атырау облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №15-4-8/2423 хаты негізінде Атырау облысы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комииссия отырысының тапсырмасына сәйкес, онкүндік акция жоспары жасақталды.Акция кезінде «Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуда мектеп пен отбасы-серіктестер» атты ата-аналар жиналысы өткізіліп,мектеп психологтары ата-аналарға тренинг өткізілді.Мектеп директоры Ш.Т.Кобанова «Тұрмыстық зорлық-зорлықтың алдын алу міндеті туралы ата-аналарға дәріс оқыды.Мектеп мейірбекесі Н.Сабирова «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында қыз балаларға жиналыс өткізді. Мектеп психологы А.Ашықбаева 8-11 сынып оқушылары арасында «Зорлықсыз балалық шақ» атты ойын-жаттығу, тренинг ұйымдастырды.Тренинг кезінде оқушылар топқа бөлініп , өз ойларын қорғап шықты.Акция кезінде «ҚОРЫҚПА,БІЗГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛ, БІЗ САҒАН КӨМЕКТЕСЕМІЗ» атты баннер шығарылып мектептің дәлізіне орналастырылды.
https://10mektep-zhylyoi.edu.kz/kz/zhanaly-tar/168-zorly-zombyly-syz-zh-ne-atygezdiksiz-balaly-sha.html#sigFreeId8c2b3022e7











